"Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртісі Нұрболат Ұзақбай барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
"Құрметті отандастар! Баршаңызды 20 қараша өтетін кезектен тыс президент сайлауына шақырамын. Сайлауға қатысу - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Мен де өз учаскеме барып, өзім таңдаған кандидатыма дауыс беремін. Сіздерді де дауыс беруге шақырамын", - деді әртіс.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.