Президент сайлауы өтетін 20 қараша - еліміздің ертеңі үшін маңызды күн. Осылай деген актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім алдағы сайлауға барлығы қатысуы керек деп санайды.
"Менің ойымша, бұл күн - еліміз үшін, ертеңіміз үшін өте маңызды күн. Сол себепті 20 қараша әрбір қазақстандық міндетті түрде сайлауға баруы керек", - деді актер.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.