Актер Жақсыбек Құрманбеков қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды

11.11.2022 20:14
Актер Жақсыбек Құрманбеков қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды

Актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жақсыбек Құрманбеков қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды.

«Құрметті қазақстандықтар, 20 қарашада ҚР Президент сайлауы өтеді. Сол сайлауға барынша атсалысып, өз даусымызды берейік», – деді актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жақсыбек Құрманбеков.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.

Теги: сайлау