Мемлекет басшысын таңдау - халық үшін зор жауапкершілік

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлауға белсенді қатысып, таңдау жасау – ең алдымен ел азаматы ретіндегі парыз, конституциялық құқық. 20 қарашада қазақстандықтар алдағы 7 жылға президентін таңдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл саяси науқаннан тыс қалмау аса маңызды.

«Мына өзгерістердің барлығы ертеңгі күннің нәпақасы деп ойлаймын. Ертеңгі күнгі қадамымыз нық болуы үшін, халықтың әлеуметтік, мемлекетіміздің экономикалық жағдайын жақсарту үшін осы қадамға барам. Даусымды берем», – деді актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

Сайлауға санаулы күн қалды. Өнер өкілдері геосаяси, экономикалық қиындық туған тұста ел басқару, өркениетке ұмтылу - оңай іс емес. Сондықтан, мемлекет басшысын таңдауда халық мойнында да зор жауапкершілік екенін атап өтті

«Патриоттық сезімімізді ояту үшін, Қазақстан болып қалуымыз үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сол үшін де қазақстандықтар сайлауға бару керек деп білемін», – деді актриса, «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова.

Новости партнеров