«Өз таңдауымызды жасайтын сәт келді». актер, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Әсет Иманғалиев алдағы өтетін сайлау жайлы пікір білдірді.
«Жақында елімізде айтулы үлкен іс-шара өткелі тұр. Ол Президент сайлауы. Бұл іс-шараға қазақстандықтарды қатысуға шақырамын. Өйткені әр азаматтың өзінің азаматтық борышы деп есептеймін. Өз көзімізбен көріп, қолымен ұстап өз таңдауымызды жасайтын сәт келді. Сондықтан отандастарымызды осындай іс-шарадан қалмай, атсалысуға шақырамын», – деді актер, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Әсет Иманғалиев.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.