Сайлау -2022: Қазастанда 6 миллион астам адам дауыс берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Түркістан облысы көш бастап келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таңғы сағат 6:00-дан бері Қазастанда 6 миллион 113 мыңнан астам адам дауыс берді. Ал сайлауға қатысу бойынша Түркістан облысы көш бастап келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайлау басталғалы 7 сағаттың ішінде дауыс беруге құқылы азаматтардың жартысынан көбі таңдауын жасап тастады. Сағат 14:00-дегі ақпарат бойынша, 12 миллионға жуық адамның 6 миллион 113 мың 621 адамы бюллетень алып, дауыс беріпті. Ал сайлауға белсенді өңірлердің алдында Түркістан облысы тұр. Ол жақта сайлаушылардың 76 пайыздан көбі таңдау жасаған. Екінші орында 69 пайызбен Абай облысы келеді. Үшінші орында Ұлытау өңірі тұр.  

«Астана қаласы бойынша 39,79 пайыз, Алматы қаласы бойынша 24,17, Шымкент қаласы бойынша 51,69 пайыз. Еліміз бойынша сайлаушылардың белсенді дауыс беруі байқалады. Бұл ретте Түркістан, Абай, Ұлытау және Қызылорда облысында сайлаушылардың келу көрсеткіштері ең жоғары», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері әр 2 сағат сайын брифинг өткізіп келеді. Мамандардың айтуына қарағанда сайлаушылардың белсенділігі сағат сайын өсуде. Қазір бірнеше минуттан кейін кезекті отырысы өтеді.

Новости партнеров