Арман Жүдебаев: Қазақстанның болашағы үшін дауыс беремін

04.11.2022 21:42
Almaty.tv

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев барша қазақстандықтарды алдағы саяси науқанға атсалысуға шақырды.

"Саяси науқан да жақындап қалды. Мен ҚР азаматы ретінде 585-учаскеге барып, тек өзім ғана емес, отбасыммен Қазақстанның болашағы үшін дауыс беремін. Құрметті қазақстандықтар, осы науқанға бәріміз бірге атсалысайық", - деді ректор.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.