Құралай Мырзалинова отандастарын сайлауға қатысуға шақырды

13.11.2022 22:00
Almaty.tv

ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Құралай Мырзалинова барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін президент сайлауынан қалыс қалмауға шақырды.

"Құрметті отандастар! 20 қараша өтетін президент сайлауына барлықтарыңызды шақырамын. Мен де Қазақстанның азаматы ретінде өз борышымды өтеп, сайлауға барып, дауыс беремін. Сіздер де дауыс беріңіздер", - деді Құралай Мырзалинова.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.