Саяси науқанға қатысу – республика тұрғындарының азаматтық борышы

egemen.kz
egemen.kz
Өнер майталмандары президент сайлауы – халық тағдыры, республиканың келешегі екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сайлауға әр азамат реализм тұрғысынан қарауы керек». Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша, алда келе жатқан саяси науқанға қатысу – ең әуелі республика тұрғындарының азаматтық борышы, деп хабарлайды Almaty. tv.

Ал бұл тұста әркімнің таңдауы саяси сауат, азаматтық көзқарас пен рухани сенім деңгейінде астасқаны маңызды.

«Халықтың сайлауы – демократияның заңы. Егер басшы аз халықпен сайланса, оның мәртебесі төменірек болады. Ол басқа бастықтармен кездескенде, сөзі өтіңкіремейді. Егер ол көп дауыспен, халықтың қолдауымен өтсе, онда артында үлкен тіреуі бар екенін сезеді және жауапкершілікті сезеді. Сондықтан әрине, ол өте маңызды шаруа», – деді ғалым, Қазақстан ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев.

Өнер майталмандары президент сайлауы – халық тағдыры, республиканың келешегі екенін атап өтті. Сондықтан ел бірлігі танылатын науқанның маңызы зор.

«Майқы бидің бір тамашы сөзі бар «Хан әділетті болса, халық ынтымақшыл болады». Мен осы сөзді жиі қайталаймын. Бекер емес деп ойлаймын. Қазір біздің қоғамда, халықтың арасында үлкен бір үміт бар, ынтымақ пен сенім бар. Ал енді осы басы басталған дүниені ары қарай жеткізу үшін біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек», – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.

«Бұл жерде кәдімгі азаматтық өз борышымызды көрсетуіміз керек. Бұл жерде халық егер сайлауға жақсы қатысса, нәтижесі өте мол, жақсы болады деп есептеймін. Бәріңізді сайлауға шақырамын», –  деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев.

Новости партнеров