Бақтияр Тайлақбаев алдағы өтетін сайлауға қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды

02.11.2022 22:20

«Сайлау жақсы өтеді деп ойлаймын». Осылай деген ҚР Еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев алдағы өтетін сайлауға қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл сайлау жақсы өтсе екен деймін. Әрине халық өзінің таңдауын жасайды. Соған Құдай  қаласа бәріміз бірігіп дауыс берейік. Осы кезде азаматтық борышымызды көрсетуіміз қажет. Халық сайлауға қатысса, нәтижесіде жақсы болады деп есептеймін. Бәрін сайлауға шақырамын», – деді ҚР Еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев.