Бізді алдымызда жауапты іс күтіп тұр - Бибігүл Төлегенова

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлау кезінде үйде қарап отыруға болмайды. Осылай деген Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова алдағы сайлауға барша қазақстандық атсалысуы керек деп санайды. 

"Қадірлі қазақстандықтар! Алдымызда жауапты іс күтіп тұр. Барлығымыз 20 қарашада Президентімізді сайлаймыз. Әрқайсысымыз пікірімізді айтуымыз керек. Менің ойымша, сайлау кезінде "менсіз де өтеді" деп үйде қарап отыруға болмайды. Әрқайсысымыз атсалысуымыз керек. Баршаңызды сайлауға шақырамын", - деді Бибігүл Төлегенова. 

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.


Новости партнеров