Қатысушылар жеке және күрделі мәселелерді талдап, сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу тәртібін пысықтады
Алматыда күн сайын бақылаушы болуға кандидаттар үшін оқыту тренинг-семинарлары өткізіледі. Бүгін мегаполисте сайлауды тәуелсіз бақылау тақырыбы бойынша «Ел ертеңі» қоғамдық қорынан 170 адам оқудан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тренингтер барысында сайлау заңнамасының негіздері, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелетіні пысықталды.
«Біз бүгін тренингтен өттік, оның барысында әрбір бақылаушы ұстануы тиіс негізгі міндеттер мен алгоритмдер туралы терең біліп, хабардар болдық. Яғни, тренинг барысында біз сайлау заңнамасының негіздерін, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл әдістерін зерттедік, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы білдік. Сонымен қатар, бізді SMM ережелерімен, сайлау учаскесінде өзімізді қалай ұстау керектігі жөніндегі белгілі ережелер және нормалармен таныстырды», - деп болашақ бақылаушы Әмина Әбілқайырқызы өз ойымен бөлісті.
Оқудан өткен тағы бір қатысушы курстардың маңыздылығы мен алған білімдерінің болашақта пайдалылығын атап өтіп, эмоцияларымен бөлісті.
«Бүгін біз тренингтен өтіп, қызметкерлердің, бақылаушылар мен сайлаушылардың рөлдерінде өзімізді сынап көрдік. Бұл процесс барысында біз көп нәрсені білдік: сайлау процесіндегі негізгі заңнамалар, азаматтармен өзара іс - қимыл, сайлауға қатысатын әрбір адамның мінез-құлық ережелері және т.б. Менің ойымша, бүгін алған біліміміз бізге сайлаудағы жұмысымызда ғана емес, болашақта да көмектеседі. Бұл алған білімнің барлығы алдағы өмірде үлкен тәжірибе болады», - деп атап өтті «Ел ертеңі» мүшесі Аида Алпыс.
Қатысушылар жеке және күрделі мәселелерді талдап, сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу тәртібін пысықтады. Одан бөлек, сарапшылар жиі кездесетін бұзушылықтар туралы әңгімелеп, бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін талқылады, сонымен қатар, бұзушылықтар анықталған кездегі бақылаушының әрекеттерін қарастырды.