Дәстүрлі әнші Шаттық Уатқан қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды

13.11.2022 22:58
Almaty.tv

Дәстүрлі әнші Шаттық Уатқан барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға шақырды.

"Керуен басы білікті болса, түйе азбайды" деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Баршаңызды сайлауға қатысуға шақырамын. Мен де өз учаскеме барып, дауыс беремін", - деді әнші.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.