Саяси мәелелерде өте дипломатиялық икемділік, шеберлік керек - Нұрдәулет Ақыш

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан халқын, үлкен оқиға күтіп тұр. Жазушы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұстанып отырған бағыт-бағдары дұрыс екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Қазақстан халқын, Қазақстан жұртшылығын үлкен оқиға күтіп тұр. Біз өтпелі кезеңде  жақсы жаңалықтардан үміткер болып тұрған жағдайымыз бар.  Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұстанып отырған бағыт-бағдары дұрыс екенін айтуымыз керек. Көптеген мәселелр бар. Саяси мәелелерде өте дипломатиялық икемділік, шеберлік керек. астарында үлкен дипломатиялық мәселе бар екенін түсінсек екен деймін. Менің көзқарасым өте дұрыс, өйткені бір адамның қайта-қайта сайлануына енді мүмкіндік жоқ. Екінші рет оның сайлауға түсуіне хақысы жоқ, қазіргі біздің қабылдап жатқан ұстанымымыз бойынша. Екіншіден, Президент болған адам өзінің жақындарын, отбасы мүшелерін қызметке тағайындауға хақысы жоқ.  Парламенттік билік күшейе түседі деген үмітім бар. Оны біз алда көретін боламыз. Бір мәселе – тек қана президент емес, парламентке дұрыс халық қалаулыларын сайлау керек екені. Бұның да өзінің тәртібі БАҚ-да күнде айтылып жатыр. Сондықтан  ұстанымға өз басым қосыламын», – деді деді жазушы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш.

Новости партнеров