Ақан Әбдуәлі: Cайлауға атсалысу - бәрімізге міндет

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдегі геосаяси мәселелерді саралай келе, біздің мемлекет ішіндегі реформа өте дұрыс бағытта даму керек. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі алдағы кезектен тыс президент сайлауы жайында осылай пікірін білдіріді, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Әлемдегі болып жатқан геосаяси мәселелерде біздің мемлекет ішіндегі реформа өте дұрыс бағытта даму керек, жасалу керек. Бәріміз қосылуымыз керек, себебі елдің тыныштығы ең бірінші кезекте. Биылғы ең үлкен мәселе әлі дамыған мемлекеттерде болмаған және де бізбенен одақтас болған  15 мемлекетте, қазір әрқайсысы өз алдына тәуелсіз мемлекет, солардың әлі ешқайсында кездеспеген ең үлкен мәселел бұл – президенттік сайлау. Президенттік жай сайлау ғана емес, бір реттік қана президент болуға тиіс. Әр президенттің мерізімі – 7 жыл, ол бір рет сайланғаннан кейін екінші рет сайлауға түсе алмау. Бұны кәдімгі үлкен сенімменен, нақты қадамменен, батырлықпенен, ержүректікпен жолға қойылған нәрсе. Сондықтан осы сайлауға атсалысуымыз қажет қой деп ойлаймын», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі.



Новости партнеров