Біз болашағымызды өзіміз таңдауымыз қажет – Бауыржан Сатов

19.10.2022 23:28

20 қараша елде өтетін кезектен тыс Президент сайлауы – маңызды саяси науқан. «Ол күн жақындаған сайын жауапкершілік те арта түседі. Сондықтан азаматтық парызды барлығы орындауға міндетті»  дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.      

«Бұл – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы. Сайлаудан қалмау керек! 20 қарашада дауыс беріп, Президентті өзіміз таңдайық! Айтарым, жаңа басшы халық үшін еңбек ететіндер қатарынан болсын! Өйткені бұл – өте жауапты жұмыс», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.  

Болашағымыз бірлікте! Әрбір қазақстандықтың ел өркендеуіне үлес қосатын сәті келді. Осылай деген актер Бауыржан Сатов көшбасшыны халық сайлауы керек деген ойын айтты. Ол саяси науқанға қатысу – әр адамның міндеті дегенді алға тартты.

«Бұл сайлауға немқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткені бұл – біздің еліміз, бұл – біздің мемлекетіміз, бұл – біздің республика, бұл – біздің болашағымыз. Ертең біздің болашағымыз қандай болу керектігін таңдайтын біздер, Қазақстан Республикасының азаматтары. Біз өзіміздің болашағымызды өзіміз таңдауымыз қажет. Өз таңдауымызды жасауымыз керек», – деді актер Бауыржан Сатов.

Теги: сайлау