Марат Нығматуллин учаскесіне барып, дауыс берді

20.11.2022 в 23:38

Бүгінгі саяси науқаннан спортшылар да қалыс қалмады. Күрестен халықаралық додада бақ сынап, ел намысын асқақтатып жүрген Марат Нығматуллин учаскесіне барып, белсенділік көрсетті. Сондай-ақ эстрада жұлдыздары да сайлаудан шет қалмады.

«Сайлау өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, бәрі келіп дауысын беріп жатыр. Сіздердің әрқайсыларыңыздың дауыстарыңыз ұлтымыздың келешегі үшін маңызды рөл атқарады», – деді спортшы Марат Нығматуллаев.

«Бүгінгі күні мен өз таңдауымды жасадым. Кім үшін? Өз болашағымыз үшін. Қазақстанымыздың мықты бірлігі үшін. Мызғымас татулығы үшін. Тыныштығы үшін», – деді әнші Нұрлан Албан. 

Теги: сайлау