Елдің болашағы жарқын болуы үшін мықты азамат, президент керек. Ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы сайлаудың әділ өтетініне сенімді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жаңа Қазақстан құрамыз дедік, ал Жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Жаңа Қазақстан ескі жүйеден арылуы керек, бәрі де жаңаша боулы керек, жаңа әлеует болуы керек дегендей. Сондықтан сайлаудың маңызы зор. Әлемде соғыстар, қақтығыстар болып жатыр. Көршілеріміз, іргелес көршілердің өзі тыныш емес. Ал біздің елге тыныштық керек, біріншіден. Екіншіден, бізге халықтың жағдайын жасау керек, тұрмыс деңгейін көтеру керек, мынау қоғамдағы әділеттілікті орнату керек деген дүниелер. Бұл әділ сайлаудан сүрінбей өтеді деп те ойлаймын өз басым, сондықтан да біздің күтеріміз – елдің болашағы. Елдің болашағы жарқын болуы үшін мықты азамат, мықты президент керек», – деді. ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы