Артем Оганов Алматыда сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті
ТМД миссиясының бақылаушылары Алматыда сайлау процесі жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялауға арналған баспасөз орталығының Парламенттік Ассамблеяның Жастар саясаты, спорт және туризм жөніндегі Комиссиясының Төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас, ТМД істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Туров Артем Викторовичтің, Ресейдің Алматы қ. Бас консулдығының консул-кеңесшісі Оганов Артем Валерьевичтің және «Единая Россия» партиясы Орталық атқару комитетінің ТМД және Балтық елдеріндегі парламентаралық ынтымақтастық жобалары басшысы Журавлев Николай Виталиевичтің қатсуымен сайлауды бақылау мәселесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті.
Артем Оганов Алматыда сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Бұл менің бірінші бақылау миссиям емес. Ең алдымен, сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлаушыларға деген мейірімді қарым-қатынасын атап өткім келеді. Мүгедектерге арналған алаңдардың қалай жабдықталғанына да тоқталып өтейін: біз барған жердің барлығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кабиналар болды», - деді А.Оганов.
Журналистің Қазақстан мен Ресей Федерациясының сайлау үдерістеріндегі айырмашылықтары туралы сұрағына жауап бере отырып, спикер екі елдің де ЕҚЫҰ-ға мүше екендігіне және оның ұсыныстарын орындайтынына назар аударды.
«Бұл дауыс беру кезінде бақылаушылар көбірек болды, әсіресе жастар. Референдумда әр сайлау учаскесінде 4-5 байқаушы болса, бүгінде орта есеппен 7-8 адам бар, оның төртеуі әдеттегідей жастар болды. Жастарды саяси үдерістерге тарту – жақсы тәжірибе», - деді А.Оғанов.
Артем Туров сайлау процесі жүйелі түрде құрылғанын, барлығы қолданыстағы ұлттық заңнаманың аясында өтіп жатқанын атап өтті.
«Біз 17 сайлау учаскесінде болып, барлық жерде сайлау комиссиялары мүшелерінің достық қарым-қатынасын, жоғары хабардарлығын көрдік. Кемшіліктерге кезіккен жеріміз жоқ. Біз ТМД елдерінде де, Батыс елдерінде де сайлау үдерісін бақылауға бірнеше рет қатыстық. Қазақстандағы сайлау барлық қағидалар мен ережелерге сай, ашық түрде өтіп жатыр деп айта аламын. Біз Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сайлауды бақылап жүрген әріптестерімізбен байланыста болып, олардан да шамамен осындай баға алып отырамыз», - деді спикер.