Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова таңдауын жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі сайлаудың мәні зор. Осылай пікір білдірген мемлекет және қоғам қайраткері Гүльмира Есімбаева бұл жолғы саяси науқанның ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі сайлау, оның мәні де, орны да ерекше. Мәселе кезектен тыс Президент сайлағанымызда емес. Біз тұңғыш рет конституциялық реформаларға байланысты Президентті жеті жылға, енді бір ақ рет қана сайлайтын болып отырмыз», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Гүлмира Есімбаева.

Сайлауға өз үлесін қосқандардың қатарында оқу ағарту ісінің майталманы Аягүл Миразова да бар.

«Қазақстанның болашағы, келешегінің жарқын, әлемде елеулі ел болуы үшін өзімнің азаматтық борышымды атқарып, дауысымды беріп отырмын», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.

Новости партнеров