ХІХ съезде саяси ұйым мүшелері 4 кандидатты қарастырды
«Ақ жол» демократиялық партиясы да Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ХІХ съезде саяси ұйым мүшелері 4 кандидатты қарастырды. Қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев пен «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықовтар бар. Дауыс беру жасырын түрде өтті. 126 партия мүшесінің ішінде Сандуғаш Дүйсенованы 11 , Серік Ерубаевты 23, ал Асқар Садықовты 17 адам қолдаған.
«Қазіргі кезде түрлі қауіп-қатер болып жатыр. Сол қауіп-қатерлерден елімізді, мемлекетімізді сақтап өткізуіміз қажет. Егер мысалы әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға келсек, Президент Тоқаев қабылдаған шешімдері түрлі пікір болса да, бірақ нарықтық экономикаға арналған. Яғни, бұл ұсыныстар «Ақжол» партиясының ұсыныстарына жақын болмаса да бірдей», – деді AQ JOL демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Жиында сөз алған партия төрағасы ел бірлігі, таңдаған жолымыз маңызды деді. Айтуынша, 3 жыл бұрын «Ақ жол» партиясы Парламенттік республика құру бастамасын көтерген. Яғни, партияның көзқарасы Президентпен үндес болып жатыр, - деді төраға.