Болат Қалымбетов халықты дауыс беруге шақырды

16.11.2022 00:57
Almaty.tv

«Елдігімізді, мемлекет екенімізді білдіруіміз керек» деп ойын білдірген белгілі актер, кинорежиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Болат Қалымбетов халықты дауыс беруге шақырды.

«Бүгінгі геосаяси жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Елдігімізді, мемлекет екенімізді білдіруіміз керек. Қазақстанның азаматы ретінде сіздерді дауыс беруге шақырамын», деді актер, кинорежиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Болат Қалымбетов.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Теги: сайлау