Мен де Қазақстан Президентін таңдауға барамын - Гүлшат Тутова

15.11.2022 01:14

Мен де Қазақстан Президентін таңдауға барамын. Осылай пікірін білдірген актриса, «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова қазақстандықтарды саяси науғанда белсенділік танытуға шақырды.

«Мен сіздерді 20 қарашада болатын президенттік сайлауға алсалысуға шақырамын. Өз учаскелеріңізге барып, жаңа Қазақстан құруға атсалысып, дауыстарыңызды беруді сұраймын. Мен де Қазақстан Президентін таңдауға барамын», – деді актриса, «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.