Еліміздегі эстрада әншілері таңдауын жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің эстрада әншілері бүгінгі сайлауға жанұя мүшелерімен бірге қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ішінде белгілі әнші Тамара Асар да бар. Ол Алматыдағы ұлттық кітапханада дауыс берді.

«Бұл сайлауға отбасымызбен түгел келдік. Кішкентай бөпемізбен бірге келдік. Себебі біз үшін өте маңызды болашағымыздың жарқын болуы. Бұл сайлау адамды үміттендіретін, жақсыдан жақсы хабар келтіретін үлкен керемет науқан болуы керек деп есептейміз», – деді әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар.

Таңдауын жасаған әнші Асхат Тарғын сайлаудан кейін мәдениет, өнер саласы одан әрі өркендей түседі деген сенімде. Сондай-ақ ол халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, келешекке сенімі бекиді деп үміттенеді.

«Бүгін өзімнің тұрғылықты жерімдегі сайлау учаскесіне келіп, яғни 554-інші учаскеге келіп, өз таңдауымды жасадым. Болашақ барлығымыздың қолымызда. Елімізде тыныштық болсын, бейбітшілік заман болсын», – деді әнші Асхат Тарғын.

Новости партнеров