Болашақ үшін үлесімізді қосайық - Мақпал Жүнісова

16.11.2022 01:19
Almaty.tv

Болашақ үшін үлесімізді қосайық. Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова «дауыс беру – әр адамның парызы» деп атап өтті.

«Құрметті қазақстандықтар, 20 қарашада ел тағдыры үшін, Қазақстанның болашағы үшін атсалысып, дауыс беруге барайық. Бұл – әр адамның парызы. Болашақ үшін үлесімізді қосайық», – деді әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Толық көрсету
Теги: сайлау