Сайлау – Қазақстанның дамуына үлес қосатын кезең

18.11.2022 01:22
Almaty.tv

20 қараша – елімізде тарихи күн. Актер Қайрат Әділгерейдің айтуынша бұл күні әр адам шешімін қабылдап, дауыс беруі керек.

«20 қараша елімізде тарихи күн деп айтсақ артық болмас. Әр адам өзінің шешімін қабылдап, дауыс беретін күн. Қазақстанның болашағына, дамуына, өсуіне үлес қосатын кезең. Сондықтан да барлығымыз сайлау күніне атсалысып, елдің жарқын болашғы үшін дауыс берейік», – деді актер Қайрат Әділгерей.

 Бүгінде Алматыда 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. Қалада 600 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 531-і қазір кез-келген тұрғын үшін ашық. Ал қалған 69-ы арнайы орындарда, яғни аурухана, шипажайлар мен әскери мекемелерде құрылған.



Теги: сайлау