Ел Президентін сайлауға белсене қатысу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Президентін сайлауға белсене қатысу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Саяси науқанда таңдау жасау – мемлекет болашағына әсер етер маңызды қадам. Осылай деген ел ағалары алдағы сайлаудың маңызын айтып, көпті қалыс қалмауға шақырды.

«Үш жетіден кейін саяси асудан асқалы тұрмыз. Яғни, ары қарай жеті жыл Қазақстанды басқаратын Президентті  сайлағалы тұрмыз. Бұл әрекетіміз, белсенділігіміз шынтуайтына келгенде Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін», – деді жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Ал «Әр азаматтың жеке пікірі  – қоғамдық көзқарастың бір кірпіші» деген Кенжехан Матыжанов сайлау ең алдымен демократияның көрінісі екенін атап өтті. Еркін таңдау –ел үшін маңызды.

«Әрбір Отаным, елім дейтін, өзінің болашағына алаңдайтын азамат дәл осы күні келіп, өзінің даусын беруі керек. Мәселе кімге, қалай дауыс беруде емес. Мәселе өзіңнің ішкі үніңді көрсету. Сондықтан да, сайлауға келу әрбір азаматтың, әрбір тәуелсіз сананың үлкен бір көрінісі болуы керек», – деді ф.ғ.докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов.

Новости партнеров