Ақтөбе қаласында екі адамды өлтірді деген күдіктілер саны 13-ке жетті. Қазір олардың барлығы ұсталып, тергеліп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.
Қамауға алынғандардың қатарында түнгі клубтың директоры да бар. Оған аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін және дер кезінде медициналық көмек көрсетпегені үшін айып тағылып отыр. Енді жергілікті құзырлы мекеме клубты жабу және лицензиясының күшін жою туралы сотқа шағымданып, өзге де ойын-сауық орындарына тексеріс жүргізбек.
«Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатысы тексеріліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта Полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігін сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына қатысты тексеріледі», – деді ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.