Сайлау болашақ Қазақстанның өсу жолын белгілейді – Арман Жүдебаев

12.10.2022 01:48
Almaty.tv


Сайлау болашақ Қазақстанның өсу жолын белгілейді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев кезкетен тыс президент сайдауы жайында ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Өздеріңіз білесіздер, 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына жолдауын жариялаған болатын. Сол жолдау аясында осы күзде кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін нақты айтты. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Халықтың талқылауында өтті, құзырлы органдарының бәрі қарады. Сондықтан да Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында нақты суперпрезиденттік басқарудан саты-саты бойынша президенттік және де мықты парламент болу қажеттігін айтты.  Бұл сайлау науқаны өте әділ болатынына атап өтті. Осы жақында ғана "Аманат" партиясының 24-кезектен тыс съезі өтті. Бір ауыздан делегаттар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Және де басқа партиялар, халықтық коалиция құрылып, "Ақжол" партиясы, "Қазақстан халық партиясы, басқа да ұйымдар бір ауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Жаңа Қазақстан деп жатырмыз, жаңа Қазақстанды үлкен белестерге шығару жоспары тұр алдымызда. Демократиялық қарқын қазір дамып келе жатыр. Сондықтан Президенттің нақты қадамдары осы кезектен тыс сайлау өткізу. Сайлау болашақтағы Қазақстанның келбетіне, өсуіне өзінің нақты жолдарын белгілейді деп ойлаймын", - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Теги: сайлау