Ертеңім үшін дауыс беру – міндетім. Осылай деген әнші Зарина Омарова қазақстандықтарды сайлауда дауыс беруге шақырды.
«Біздің еліміз, жеріміз, ертеңіміз үшін міндетті дауыс беру – борышымыз, міндетіміз деп ойлаймын. Сол себепті де сіздерден бірлігімізді көрсетіп6 дауыс беруіңізді сұраймын», – деді әнші Зарина Омарова.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.