Cоғыс ардагері Александр Журавлев таңдауын жасады

21.11.2022 в 02:25

Cоғыс ардагері Александр Журавлев дауыс беру жәшігін арнайы үйіне алдыртқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қария № 267 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері әкелген бюллетеньді толтырып, өз таңдауын жасады.

«Сайлаудан кейін алдымен жастарға, олардың жұмыспен қамтылуына көңіл бөлінсе деймін. Өйткені болашақ келер буынның қолында. Келешегіміз үшін дұрыс таңдау жасай білуіміз маңызды», – деді  соғыс ардагері Александр Журавлев.



Теги: сайлау