Ішкі бірлік қазіргі таңда ауадай қажет – Нұрлан Оразалин

08.10.2022 03:18

«Ішкі бірлік қазіргі таңда ауадай қажет». Осылай деген ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин кезектен тыс өтетін Президент сайлауына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Абайдың сөзі бар: «Малыңды жауға, басыңды дауға қор қылма, қолда, татулас», – дейді. Біз сайлауға келе жатырмыз қазір. Сол сайлауда Абайдың насихаты, бізге беріп отырған ақыл кеңесіне жүгінетін болсақ, ішкі бірлік қазіргі таңда ауадай қажет бізге», – деді ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.