|
20.11.2022 | 23:26
992

Исламбек Мұрсабеков: Қырғызстандағы сайлау процесінде заң бұзылмады

Қырғызстандағы №264 сайлау учаскесінде осындағы Қазақстан азаматтарының 100 пайызы дауыс берген

Исламбек Мұрсабеков: Қырғызстандағы сайлау процесінде заң бұзылмады inform.kz

ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық бақылаушысы Исламбек Мұрсабеков Бішкекте өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауындағы процес ескертулер мен заң бұзылмағанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін біз Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігіндегі сайлау учаскесінде сайлау барысын бақыладық. Учаскелік комиссия сайлау үдерісін Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарының талаптарына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырып, көптеген ақпараттық жұмыстар жүргізгенін атап өткім келеді. Сайлаушылар дауыс беруге қалай қатысқанын көрдік. Сайтта кандидаттар, дауыс беру барысы мен тәртібі туралы ақпараттық стендтер қойылып, жасырын дауыс беруге арналған кабина да орнатылған. Осыған сәйкес Қазақстан халқының өз сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалды. Дауыс беру кезінде ескертулер мен заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», - деді халықаралық бақылаушы И.Мұрсабеков.

Бұған дейін хабарланғандай, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстандағы №264 сайлау учаскесінде осындағы Қазақстан азаматтарының 100 пайызы дауыс берген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир