Парламент мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

mobillegends.net
mobillegends.net
19 наурызда өтетін сайлауға 7 саяси партия қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

19 наурызда өтетін сайлауға 7 саяси партия қатысады. Кандидаттардың жалпы саны – 283. Партиялық тізім арқылы ұсынылып отырған олар 69 орын үшін бәсекеге түседі. Ал бір мандаттық мажоритарлы жүйемен жасақталатын 29 орынға 609 адам таласады. Өзін-өзі ұсынған үміткерлердің ең көбі – Астана қаласында. 1 орынға 63 адам бақ сынайды. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келетінін айтты.

«Азаматтарды бір мандаттық сайлау округтері бойынша ұсыну қорытындыларына сәйкес орташа бәсекелтік 4,3 кандидатты құрайды. Бұл көрсеткіштер азаматтардың және азаматтық қоғамның жоғары белсенділігін айғақтайды», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Новости партнеров