|
09.02.2023 | 09:28
2296

Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12 мыңнан асты

62 914 адам жарақат алды

Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12 мыңнан асты ntdtv.ru

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv 

Түркияда болған жойқын жерсілкінісінің салдары әлі жойылған жоқ. Құрбандар саны сағат сайын өсіп жатыр. Анадолы агенттігінің дерегіне сүйенсек, зілзала салдарынан 63 мыңға жуық адам зардап шеккен. Апат ошақтарында 3 күннен бері құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Қиранды астынан тірі шығып жатқан адамдар да  бар. Соңғы ақпарға сай Газиантеп және Кахраманмараш қалаларында құтқару қызметі 3 күннен бері үйінді астында жатқан 6 адамды шығарып алған.

Еске салсақ, Түркияда жер асты дүмпулері 3 күн бұрын басталған еді. 6 ақпан таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Зілзала елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Кеше түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір сілкініс тіркелген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир