Олар жанды дауыста ән шырқап, көпті тәнті етті
Талдықорғандық сайлаушылар дауыс беру учаскесіне түйе мініп келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Талдықорғандағы №419 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген азаматтар сырт бейнесімен ғана емес, жанды дауыста ән шырқап, көпті тәнті етті. «Біріншіден, бүгін сайлау, ал екіншідінен Ұлыстың Ұлы күні келе жатыр» деген олар саяси науқанды жаңа жылмен келген жақсылыққа балап отыр.
«Наурыз – жыл басы. Еліміз жаңаруға бет алды. Сайлауда таңдау жасадық. Қазақстанның ертеңі үшін қолдау жасап жатырмыз», – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Ұлан Байзақов.
Ерекше көңіл-күй сыйлаған жандарды сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері де назардан тыс қалдырмады. Олар маңызды сәтте азаматтық позициясын білдіріп, алдағы мейраммен құттықтағаны үшін алғыс айтты.
Оразай Нұртайұлы, Алмат Ілиясов, «Алматы» телеарнасы