Осы жолғы сайлау басқа сайлауға қарағанда жөні бөлек – Нұрлан Оразалин

Алматы телеарнасы
Алматы телеарнасы
Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин осындай пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек. Сайлаушы кімді қаласа, соған дауыс беруге мүмкіндігі бар. Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондықтан әр азамат Ата Заңда жазылған конституциялық құқығын пайдалануы керек. Бірақ үміткерлердің ішінен шын жүйріктер таңдалуы қажет дейді.

«Осы жолғы сайлау басқа сайлауға қарағанда жөні бөлек. Өйткені шынайы демократиялық құндылықты бағалайтын болсақ мүмкіндік мол беріліп жатыр. Кім өзінің қалаған жалғыз мандатты дауыс беру пәрменін пайдаланады, кімге дауыс береді өзі біледі. Таңдаған кандидатқа дауыс беретін болса бұл – таңдаудың үлкен бір үлгісі деп бағалауымыз керек», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Ал кинодраматург, жазушы Смағұл Елубай бүгін сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін айтады. Өйткені бүгін кімді таңдасаңыз, жоғарыда атыңыздан сөйлер сол болады деп отыр. Сондықтан халықты жаппай жауапкершілік танытып, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды.

«Бұл сайлау өзге сайлаулардан ерекше болып тұр. Өйткені Қазақстан халқына, оның 12 миллион сайлаушыларына ерік берілді. Яғни біз болашағымызды қалай таңдаймыз, біздің дауысымыз ертең мәжілісте, парламентте естіледі. Біз сайлаған адам сол жерде біздің даусымызды шығарады. Біздің атымыздан сөйлейді. Мінекей, халықтың жауапкершілігі осында болуы керек», – деді жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Новости партнеров