Шахизат Саржанова: сайлау, түркілердің көктемгі мерекесі сияқты бұл жаңару мен жаңғыруды бейнелейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы сайлау учаскелеріне таңертеңнен бастап түрлі кәсіптердің өкілі дауыс беруде. Дәрігерлер үшін ерте тұру әдеттегі нәрсе. Денсаулық сақтау үздігі, "Алтын Дәрігер" төсбелгісінің иегері, жоғары санатты дәрігер-терапевт Шахизат Саржанова үнемі жеке пікірін білдіріп келеді.

"Елімізде, атап айтқанда Алматыда әлеуметтік даму, медицина саласында үлкен жобалар көзделген. Елімізде жаңа заманауи клиникаларды салу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, пациенттерге жоғары білікті көмек беру бәрімізге маңызды. Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін реформаларды қолдау, дауыс беру және өз таңдауыңызды жасау қажет", – деді белгілі дәрігер.

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Шахизат Саржанова Наурыз қарсаңында дауыс берудің символдық мәні зор екенін атап өтті:  сайлау, түркілердің көктемгі мерекесі сияқты бұл сайлау да жаңару мен жаңғыруды бейнелейді.

Новости партнеров