Алматыда әнші Рано Умарова дауыс берді

19.03.2023 22:45
Almaty.tv

Алматыда әнші Рано Умарова дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Мәжіліс мен мәслихат депуттарын кезектен тыс сайлауы өтуде. Бұл саяси науқаннан әншілер де қалыс қалмады.

«Мен дауыс беруге, өз таңдауымды жасауға келдім. Өйткені мен елдің болашағы үшін барынша белсенділік танытқым  келеді. Өз елімнің және баламның болашағына үлес қосамын», – деп атап өтті әнші.