|
11.01.2021 | 14:44
3805

Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан 9 депутат сайланды

Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам

Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан 9 депутат сайланды  © Sputnik / Владислав Воднев

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Мәжіліс депутаты кандидаттар үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов - 298, Аветик Амирханян - 270, Ильяс Буларов - 274, Наталья Дементьева - 292, Юрий Ли - 282, Вакиль Набиев - 285, Шамиль Осин - 271, Владимир Тохтасунов - 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.

Дауыс беруге Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Ассамблея мүшелері қатысты. Елбасы сайлаудан кейін алдымызда ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты. Бүкілхалықтық сайлау өткізіліп, тұтас халық болып елдің болашағына дауыс бергенін атап өтті.

«Бұл алдағы бесжылдық бағдарламамызды бекіткен үлкен сайлау болды... Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Бүгін Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік. Ассамблеямыз 25 жылдан бері еліміздегі этностар мен діндерді бір-біріне жақындастыратын, төзімділікті тәрбиелейтін, бірлікті насихаттайтын, елімізді алға жетелейтін бірегей орган болып келе жатыр», – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліміздің барлық аймағынан келген Ассамблея мүшелеріне 350 бюллетень таратылған. Олар бұл қадам қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға септігін тигізетінін айтады.

«Ассамблеяның ғана емес, бұл депутаттарды сайлау Парламенттің де беделін арттыра түсті.  Себебі Парламентке сайланған әрбір 9 депутаттың әрқайсысы жеке мүдделердің құқығын қорғау ғана емес, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқарып, абыройлы жемістерге жететін болады», – деді ҚХА мүшесі Қазақбай Қасымов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир