|
10.01.2021 | 23:32
8371

Саясаттанушылар сайлауға жоғары баға берді

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік билік әлеуметтік салаға басты назарын аударғанда ғана қоғамдық сенімге ие болады.

Саясаттанушылар сайлауға жоғары баға берді Фото: Almaty.tv

Ел болашағы үшін аса маңызды күнде отандастарымыз белсенді дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Қоғамдағы өзекті деген мәселелерді өз бағдарламаларына енгізген партияларға қоғам зор үміт артып отыр. Саясаттанушылар сайлауға түскен партиялардың белсенділігі мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде өтті деген пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Сайлауда жеңіске жеткен партия Мәжілістегі және жергілікті мәслихаттарда тиесілі үлес пайызын алады. Бұрын көбіне Мәжілісте ғана партиялардың арасында бәсекелестік бар сияқты көрінетін, себебі партиялар жергілікті мәслихаттыққа көп қатыса бермейтін. Ал бұл сайлауда партиялардың осы жергілікті мәслихат депутаттығына көңіл бөлгені байқалады»,– дейді саясаттанушы Нұрлан Сейдін.

Ал саясаттанушы Дәуренбек Құсайынов болашаққа үлкен үмітпен дауыс бергенін айтады.

«Осы пандемия кезінде өтіп жатқан сайлау өте әділетті өтіп жатқанын байқап отырмыз. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары тынбай жұмыс істеп жатыр. Мен Қазақстан мемлекетінің болашағы үшін, халыққа қызмет ететін билік болуы үшін сайлауға барып, даусымды бердім»,– деді Д. Құсайынов.

«Сайлаудағы ең басты фактор – халықтың сенімі» дейді экономистер. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік билік әлеуметтік салаға басты назарын аударғанда ғана қоғамдық сенімге ие болады.

«Халықтың сайлауға бейжай қарауы, демократияның даумына кедергі келтіріп отыр. Азаматтардың белсенділігі жетіспей тұр. Екінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайы да әсерін тигізеді. Осы мәселеде үлкен жұмыс жасалып, азаматтардың сайлауға көбірек келуіне ықпал ету керек»,– деді экономист Мақсат Халық.

Айта кетейік, елімізде 12 миллионға жуық сайлаушы бар. Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттатарын сайлау бұл жолы Конституцияға сай өз мерзімінде өтіп жатыр.  

Мадина Оқас, Нұрбол Қызықбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир