|
11.01.2021 | 23:31
1256

Сарапшылар бұл жолғы саяси науқанның басты үш ерекшелігін атады

Әр азаматтың дауыс беруі – аса маңызды жайт

Сарапшылар бұл жолғы саяси науқанның басты үш ерекшелігін атады

Сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық міндетті квотаның болғаны – олардың ел мүддесін қорғап, саяси жұмыстарға белсене атсалысуы үшін жасалған зор мүмкіндік. Сарапшылардың пікірі осындай. Әлемдік пандемиямен тұспа-тұс келген шараның тағы қандай ерекшелігі бар? Саясаттанушылар қандай пікірде? Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы айтып береді. 

Ел сенімін ақтау – халық пен билік арасын нығайта түсетін шешуші фактор. Сондықтан да бұл саяси додада ашықтық саясатын ұстану маңызды болды дейді сарапшылар.

«Сайлау жәшіктеріне дейін шыныдан жасалған, барлығы көрініп тұр. Тіпті кабиналардың өзі жабылмаған. Бұның барлығы осы сайлаудың ерекше жағдайда, мынау ашық, ешқандай құпиялылығы жоқ, таза, әділ өтіп жатқанын көрсетеді», – деді тарих ғылымдарының кандидаты Әмина Ахантаева.

Ал, әр азаматтың дауыс беруі – аса маңызды жайт. Бұл тұрғыда жастардың белсенділігі жоғары болды дейді саясаттанушылар.

«Сайлау науқанына қатысқан 5 партия да осы жолы өзінің белсенділігін танытты және жаңа құрамына жаңа адамдарды, тұлғаларды бес партия да көбірек тартуға тырысты. Енді осыған дейін саясаттанушылардың болжаған болжамы орындалды», – деді саясаттанушы Руслан Ахмағанбетов.

Сарапшылар бұл жолғы саяси науқанның басты үш ерекшелігін атады. Біріншісі әлемдік пандемияға сәйкес санитарлық талаптардың болуы, екіншіден, саяси науқан соңғы 16 жылда бірінші рет конституциялық мерзімінде өткізілуі. Үшіншіден, алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталуы.

«Менің ойымша, бұл жолы билік сайлауда бар жағдай жасады. Әр партияның өзінің бақылаушылары отырды. Әр сайлаушылар келгенде өздерінің құжаттарын көрсетіп, өздері дауыс беріп жатыр еркін. Ешқандай қысымдықты мен көрген жоқпын», – деді профессор Есенжол Алияров.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің заң шығарушы органдарына үміткерлерді сайлау мерзімінен бұрын және бір мандаттық жүйемен жүргізілетін еді. Демек, сайлаушылар әр кандидатқа дауыс беретін.

Жанар Ғаниқызы, Сағынғали Мұңайтпасов «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир