|
17.10.2022 | 15:49
2012

ОСК Президенттікке үшінші кандидатты тіркеді

Ол – ел басқарудан үмітті Жигули Дайрабаев

ОСК Президенттікке үшінші кандидатты тіркеді Almaty.tv

ОСК Президенттікке үшінші кандидатты тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – ел басқарудан үмітті Жигули Дайрабаев. Ол ұсынған құжаттар сайлау заңнамасының талаптарына сай болып шықты. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, барлық құжаттар сайлау заңнамасының 59-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде алынған. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары бойынша, елдің 20 өңірінен кандидатты қолдап 125  мың 81 азамат қол жинаған. Еске сала кетсек, Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан сайлауға түскелі отыр.

«Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсім сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты үміткер ретінде бекітті. Сондай-ақ Жигули Дайрабаев кандидат ретінде тіркелуге кедергі болатын ауруларының жоқтығы туралы анықтамасын табыс етті. Өкілетті тұлғалар кандидатты қолдап, қол жинады», – деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир