|
27.02.2024 | 00:03
1669

When I’ve Got You: Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Бейнебаян Алматыды түсірілген

When I’ve Got You: Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты Фото: DimashNews

Ыстанбұлда Димаш Құдайберген When I’ve got you атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті, деп хабарлады Almaty.tv. тілшісі Dimashnews.com.-ға сілтеме жасап.

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі. Режиссерлері Ғалым Асылов пен Жәнібек Ғұсманов. 

- Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен, оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз, – деді режиссер.

Оның айтуынша, бейнебаян түсіруге Қытайдан келген 70-тен астам маман тартылған ал түсірілім жұмыстары Алматыда өткен. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалған.

Оқи отырыңыз: Бастысы жүрек тоқтамасын: Роза Әлқожа әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир