Отандық шоу-бизнес жұлдыздары елдегі төтенше жағдайға байланысты өзара ақша жинап, қиын жағдайда қалған отандастарына көмектесуге ниет білдірген болатын. Бүгінде өнер иелері жиналған 22 млн теңге қаражатты қайда жұмсағанын айтып, ел алдында есеп берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Роза Әлқожаның әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.
Өнер жұлдыздары жинаған қаржының қалай жұмсалғанын әнші Роза Әлқожа айтып берді. Сөзінше, әртістер 22 млн теңгені тасқыннан зардап шеккен отандастарына жылжымалы үй салуға жаратқан.
- Батыс пен Солтүстік өңірдегі су тасқыны көпті алаңдатуда. "Теңізге түскен тамшыдай" үлес қоссам деген арман әр қазақта бар екені сөзсіз. Жиналған қаржыдан 22 млн теңге бөлінген қаражат осы жылжымалы үйге жұмсалсын деп өнер адамдары бір ауыздан мақұлдаған болатын, - деді эстрада жұлдызы Instagram парақшасында.
Роза Әлқожа бүгінде жылжымалы үйлер салынып жатқанын алға тартып, дайын болғанда тез арада су басқан аймақтарға жіберілетінін айтты.
Оқи отырыңыз: Су басқан өңірлерде 16 мың адам үйіне оралды – ТЖМ