Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
- Астананы жақсы көремін ғой, негізі! Мұнда келгелі он екі күн өтіпті. Құдай бірдеңе сездірген шығар?! Бұлай ұзақ қаламын деп ойламаппын… Жүрекке түскен сызат табаннан көрініс берді ме, аз күндік демалыс аяқталды солай! Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар, - деп жазды әнші.
Өнер иесі тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға алғыс айтты.
- Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый болып барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты!.. Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын! - деді ол.
Оқи отырыңыз: Жұлдыз боп кететін ақындар бар: Жүрсін Ерман ел білмейтін құпияны жайып салды