Индонезияда Қазақстанға және Димашқа арналған көрме өтеді

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Көрме 29 маусым - 8 шілде аралығында ұйымдастырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияда Қазақстанға және Димашқа арналған көрме өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Көрме 29 маусым - 8 шілде аралығында Джакарта қаласында орналасқан Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» тақырыбымен өтеді.

Іс-шараны Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырып жатыр.

Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірі экран арқылы көрсетіледі.

Шара екі ел арасындағы достықты нығайтуға септігін тигізбек.

Новости партнеров