|
06.01.2021 | 09:19
3632

Grammy премиясын табыстау рәсімі кейінге шегерілді

Rolling Stone журналының мәліметіне сүйенсек, биылғы Grammy сыйлығын табыстаудың 63-ші рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарына жоспарланған

Grammy премиясын табыстау рәсімі кейінге шегерілді yimg.com

АҚШ-та өтетін Grammy сыйлығын табыстау рәсімі коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. Бұған дейін оның 31 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ- ке сілтеме жасап.

Rolling Stone журналының мәліметіне сүйенсек, биылғы Grammy сыйлығын табыстаудың 63-ші рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарына жоспарланған.

«Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылармен, біздің шарамызды жүргізетін жүргізушілермен және премия беру рәсіміне қатысатын әртістермен ақылдаса келе жыл сайынғы Grammy сыйлығын табыстаудың 63-ші рәсімін 2021 жылдың 14 наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдадық», – делінген хабарламада.

Қазір Лос-Анжелесте коронавирусқа байланысты ауруханаға жатқызу және өлім-жітім жағдайлары күрт көбейіп кетті. Қала басшылығы жаттығу залдарының, шаштараздардың, мейрамханалардың қызметін тоқтатып тастады. Олар қала тұрғындарын үйде отыруға шақырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир