|
16.02.2024 | 09:21
500

Мәдина Сәдуақасова Техас штатының құрметті азаматы болды (видео)

Әнші марапаттарын әлеуметтік желіде көрсетті

Мәдина Сәдуақасова Техас штатының құрметті азаматы болды (видео) Фото: Іnstagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Сәдуақасова қалың көпшілікке өнер жолында алған марапаттарын көрсетті. 30 жыл бойы сахнада жүрген өнер иесі Техас штатының құрметті азаматы болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәдина Сәдуақасова өнер саласында алған маңызды марапаттарын Instagram парақшасында көрсетті. 

- Үйімді реттеп, сіздерге алғысхат, диплом, медальдарымды көрсетейін деп шештім. Бұл "Серпер” жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхаты, "Техас штатының құрметті азаматы" атақтарым бар, - деп жазды өнер иесі.

Эстрада жұлдызы бұл марапаттардың әрқайсының орны бөлек екенін айтты. 

Оқи отырыңыз: Әнші Мақпал Исабекова жақында ана болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир