Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты
Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде жаңа сурет жариялап, қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш етті. Желі қолданушылары өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Мадина Сәдуақасова өнердегі әріптесі Луинаның туған күн кешіне таңдаған образын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесі дене сымбатын айшықтап тұратын ақ түсті көйлек киіп алғанын көруге болады. Эстрада жұлдызының образы оқырмандар көңілінен шыққан. Көпшілік әншінің сұлулығы мен талғамына тәнті болып, оған желіде түрлі пікір жаудырды.
"Өте керемет образ. Нағыз ханшайым", "Сұлу адамдарға бәрі жарасады ғой", "Қандай әдемісіз", "Мадина жыл сайын жасарады", "Мына көйлек сіз үшін тігілгендей", "Фигураңызға сөз жоқ", "Не деген мінсіз мүсінді ару", - деп жазуда көпшілік.
Оқи отырыңыз:Мәдина Сәдуақасова Техас штатының құрметті азаматы болды (видео)